қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
01.12.2025

Бахыт Алиповамен Networking-кездесуге шақырамыз!

 

«Бастауыш білім беру» кафедрасы бакалавриат, магистратура және докторантура білім алушыларын Kentucky университетінің (АҚШ) профессоры, сондай-ақ Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (Қазақстан) «Математикалық және компьютерлік модельдеу» кафедрасының оқытушысы Бахыт Алипова қатысатын Networking-кездесуге шақырады.

 

Networking-кездесу 2025 жылдың 1 желтоқсан күні сағат 18:00-де Педагогика және психология факультетінің 14-аудиториясында өтеді.

 

Кездесудің тақырыбы: «Instructional Analytics and AI: Using Big Data in Education Research».

 

Бахыт Алипова – оқу аналитикасы және білім беру зерттеулерінде жасанды интеллектіні қолдану бойынша халықаралық сарапшы. Ол инженерия, математикалық және компьютерлік модельдеу салаларындағы ғылыми жобаларға қатысып, әлемдік тәжірибені білім беру саласында тиімді қолдануда.

 

Кездесу барысында қатысушылар білім беруде заманауи технологияларды қолдану, оқу сапасын арттырудағы жасанды интеллектінің рөлі, сондай-ақ Big Data негізіндегі зерттеу тәсілдері жайлы пікір алмасатын болады.

Баршаңызды танысуға, тәжірибе алмасуға және жаңа идеяларға жол ашатын Networking-кездесуге шақырамыз!