
Негізгі бет /
Хабарландыру
05.01.2026 Бастауыш білім беру кафедрасының кеңейтілген мәжілісі өтеді
2026 жылдың 15 қаңтарда сағат 15.00-де «8D01301 - Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін дайындаған Тұрысбаева Аякөз Жоланқызының «Қалыптастырушы бағалау арқылы бастауыш сынып оқушыларының метапәндік нәтижелерін дамыту» тақырыбындағы диссертациясы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология факультеті, Бастауыш білім беру кафедрасының кеңейтілген мәжілісінде талқыланады.
Кафедраның кеңейтілген мәжілісі оффлайн және онлайн форматта өтеді. Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған. Қорғау тілі - қазақ тілі.
ҒЫЛЫМИ КЕҢЕСШІЛЕР:Отандық ғылыми кеңесші: Жумабаева Азия Елеупановна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы ҚазҰПУ (Алматы, Қазақстан); Шетелдік ғылыми кеңесші: Семра Гювен - доктор, профессор, Гази университеті (Анкара, Түркия).
РЕСМИ РЕЦЕНЗЕНТТЕР: Искакова Ляйла Маратовна - PhD, ассистент профессор SDU University (Қаскелең қ., Қазақстан); Жумабаева Жазира Аманжоловна - PhD, постдокторант, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан); Тұралбаева Алмаш Тұрғанбайқызы - PhD, қауымдастырылған профессор м.а., Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (Алматы қ., Қазақстан).
ZOOM: https://zoom.us/j/3884347781?pwd=aQgoDZY6a4Tj27CUXeUND1Ja9WxjIq.1&omn=97360785006 Конференция идентификаторы: 388 434 7781 Код доступа: 110500
Мекенжайы: Алматы қаласы, Төле би, 31, Педагогика және психология факультеті (2-қабат, 13-кабинет). |