
 
|  Негізгі бет 
Жаңалықтар 
26.09.2019 Университетте сейсмикалық жаттығу өткізілді 
 2019 жылдың 26 қыркүйегінде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Жер сілкінісі кезіндегі университеттің басшылық, командалық және профессор-оқытушылар құрамының, студенттердің, қызметкерлердің іс-әрекеттері» тақырыбы бойынша сейсмикалық жаттығу өткізілді. 
 Жер сілкінісі орын алған жағдайда дұрыс әрекет дағдыларын және сақтану іс-әрекеттерін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылған оқу-жаттығуға педагогика және психология институтының студенттері мен оқытушылары қатысып, жер сілкінісі кезінде туындайтын қауіп және жер сілкінісінен кейінгі іс-қимыл тәртібі туралы ережелермен таныстырылды. Жаттығу барысында студенттерді университеттің аудиторияларынан қауіпсіз орынға эвакуациялау бойынша жаттығулар жүргізілді. 
 Аталмыш іс-шараға әкімшілік департаментінің директоры Ғабит Дулатов, институт директоры Берікжан Әлмұхамбетов, директордың орынбасары Бағдат Мажинов, педагогика және психология институтының профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты. 
 
 
 
 
 
 Азаматтық қорғаныс және жұмылдыруға дайындық бөлімі 
 |