қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
04.09.2025

Бейімдеу кеші – жаңа білім, жаңа үміт


    2025 жылғы 3 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ-да Жаратылыстану және география факультетінің 1-курс студенттерімен бейімдеу кездесуі өтті.

    Кездесу барысында студенттерге университеттің ішкі тәртіп ережелері, студенттік белсенділік бағыттары, академиялық саясаты және психологиялық қолдау қызметтері таныстырылды.  Сонымен қатар Әлеуметтік және жастар саясаты жөніндегі департаменттің, сондай-ақ Жастар ісі жөніндегі бөлімнің өкілдері студенттерге қажетті ақпараттарды түсіндіріп, әртүрлі бағыттағы қолдау шараларын ұсынды.

    Бұл шара жаңа буын студенттерінің университет өміріне тез әрі тиімді бейімделуіне, оқу мен қоғамдық белсенділіктің барлық қырын меңгеруіне мүмкіндік берді.

     Айта кетейік, 1-курс студенттеріне арналған бейімдеу апталығы 3 қыркүйектен 10 қыркүйекке дейін жалғасады.

 

 

 

  alt=  


  alt=  




Кері оралу