қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
29.09.2023

«Психологиялық қызмет» секторы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің эдвайзерлерімен кездесу ұйымдастырды

 

2023 жылдың 25-29 қыркүйек аралығында «Психологиялық қызмет» секторы институт эдвайзерлерімен кездесу ұйымдастырды. Эдвайзерлермен кездесу ұйымдастырудың мақсаты - олармен тығыз қарым-қатынас орнатып, ынтымақтастықты арттыру және «Психологиялық қызмет» секторының қызметімен таныстыру. Кездесуге жалпы 400-ге жуық эдвайзер қатысты.

 

Эдвайзерлерге қазіргі таңда жастар арасында кең тараған қаржылық пирамидалар, микрошағын ұйымдар, несие алу сияқты өте өзекті мәселелердің алдын-алу және студенттердің психологиялық жай күйін анықтау мақсатында студенттерден алынған сауалнаманың нәтижелерімен бөлісіп, ақпарат берілді.

 

Кездесу барысында алда жоспарланып отырған іс-шаралар, тренингтер және сауалнама туралы жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, топ эдвайзерлерімен пікір алмасып, ортақ мәселелерді талқылап, психологтар 1 курс студенттерінің жаңа ортаға, оқу процессіне бейімделуіне байланысты және студенттер арасында кездесетін мәселелерге байланысты өз ұсыныстарын айтты.

 

Іс-шара соңында, «Психологиялық қызмет» секторы жайлы толық ақпарат көрсетілген брошюра мен визиткалар таратылды.

 

  alt=  

 




Кері оралу