қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
07.11.2023

Полиция майоры: Нашақорлықпен күресте немқұрайлылық болмау керек

 

Есірткі бизнесі, есірткіге қатысты қылмыстар елімізде ғана емес, әлем бойынша күн тәртібінен түспей келе жатқан күрделі мәселе. Сол себепті де онымен күрес, алдын алу шаралары жыл он екі ай тоқтаусыз жүргізіледі.

 

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері студенттер арасында 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарды орындау мақсатында жасөспірімдер мен жастарда есірткіге қарсы тұрақты сананы қалыптастыруға бағытталған профилактикалық іс-шараларды тұрақты негізде өткізеді.

 

Осы орайда 2023 жылғы 6 қарашадағы кездесуге Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Көбеев Дәурен қатысып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

 

Полиция департаментінің аға жедел уәкілі студенттермен бірге нашақорлыққа қарсы күрес шараларын, есірткі заттарын өткізу мен таратқаны үшін жазаны, нашақорлық мәселелері бойынша деректер мен статистиканы талқылады.

 

Кездесу барысында қатысушылар ҚР ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінен жіберілген есірткіге қарсы бейнероликтерді тамашалады.

 

Жедел уәкілдің айтуынша, жыл сайын қара нарықта агрессивті есірткінің жаңа түрлері пайда болады.

 

«Тәуелділікке негізінен жасөспірімдер мен жастар бейім, олар оқу, мансап және отбасының орнына өмірін психоактивті заттарды іздеумен және оның салдарымен күресумен өткізеді. Нашақорлықпен күресте немқұрайлылық болмау керек, өйткені бұл бүкіл қоғамды алаңдатып отырған мәселе және онымен бірге күресуіміз керек», - деді Көбеев Дәурен.

 

Сонымен қатар полиция майоры есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасымен жүргізіп жатқан шараларға тоқталып, атқарылған жұмыстардың нәтижелерімен бөлісті. Бұдан бөлек, есірткі құралдарын, соның ішінде «синтетикалық есірткіні» қолданудың жастарға зиянды әсерінің маңыздылығын атап өтті.

 

Жиынға қатысушы жастар арасында нашақорлық пен есірткі қылмысының, сонымен бірге нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алуға бағытталған қызметті үйлестіру бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. Маман жастардың санасында «Денсаулық - адам үшін маңызды құндылық» деген түсінікті нығайту және салауатты өмір салтын ұстануға деген тұрақты көзқарасты қалыптастыру қажеттігін атап өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент




Кері оралу