
 
| Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар 
11.11.2024 Жатақхана студенттерімен кездесу өтті 
 2024 жылдың 7 қарашасында «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы мен Оразалы Досбосынов атындағы жас ақындар мектебінің ұйымдастыруымен жатақхана студенттері әдет қалыптастыру эксперті, «Таңғы челлендж» жобасының авторы Ғани Ерғалиұлымен кездесті. 
 Әдет қалыптастыру, режим, тұрақтылық, ерте тұруды әдетке айналдыру тақырыптар төңірегінде өткен кездесуге университеттің №8 жатақхана студенттері қатысты. 
 Кездесу барысында спикер «жақсы әдет ерте тұрудан басталады» деп, студент жастарға ерте тұрудың пайдасы мен әдет қалыптастырудың алғашқы сатысы туралы ақпараттармен бөлісті. Сонымен қатар, ол салауатты өмір салтын құраушы факторлар: теңгерімді тамақтану, гигиена, дене белсенділігі, еңбек және демалыс режимі, жаман әдеттерден аулақ болу екенін атап өтті. 
 Сондай-ақ, кездесуде студенттер өздерін толғандырған сауалдарын қойып, ой-пікірлерімен бөлісті. 
 
 
 «Хәкім Абай» Ұлттық тәрбие орталығы Кері оралу | 
| 050010, Қазақстан Республикасы 
 
 
 
 | Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05 
 Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68 
 Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау 
 
 
 
 | «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы 
 |