«Psycho Express» психологиялық іс-шарасы өтті
2025 жылдың 13 қараша күні ҚР үйлестіру кеңесінің «Қауіпсіз орта» жобасы аясында Қазақстан-Британ техникалық университеті «Psycho Express» атты психологиялық экспресс-кеңес беру іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға Абай университетінің Психологиялық қолдау қызметінен Саида Қосбай және Алия Мусанова қатысты. Іс-шара барысында психолог мамандар ҚБТУ студенттеріне психологиялық консультация жүргізді. Студенттер өздерін алаңдатқан сұрақтарға мазмұнды жауаптар, бағыт-бағдар және мамандардан тұлғаның жан-жақты дамуына бағытталған бірегей әдістемелер алды.
«Psycho Express» шарасы аясында дәрігер-психиатр С.Скляр және клиникалық психолог В. Жумадилова ЖОО психолог мамандарына психологиялық семинар өтті. Семинардың мақсаты - студенттер мен мамандардың суицидтік қауіптілікті тану, эмоционалдық күйзеліс жағдайындағы тұлғамен кәсіби әңгімелесу, қолдау көрсету және қауіптің алдын алу бойынша практикалық дағдыларын жетілдіру. Семинар барысында суицидтік белгілерін айқын көрсететін видеролик көрсетіліп, оның маңызы талқыланды.
«Psycho Express» психологиялық экспресс-консультациясы Психологиялық қолдау қызметінің жұмысын және университеттегі психологияны кеңінен насихаттауға зор ықпалын тигізеді.



Психологиялық қолдау қызметі