
Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
24.10.2025
«Ортақ мақсат - ортақ табыс» тақырыбындағы психологиялық тренинг өтті 2025 жылдың 24 қазанында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен Математика, физика және информатика факультетінің 1 курс студенттерімен «Ортақ мақсат - ортақ табыс» атты психологиялық тренинг өтті. Тренингтің мақсаты - студенттердің өзара қарым-қатынасын нығайту, сенім мен қолдау атмосферасын қалыптастыру, бір-бірін жақсырақ танып, түсіну арқылы топ ішінде ынтымақтастық пен бірлік сезімін дамыту, сондай-ақ ортақ мақсатқа ұмтылу мен өзара жауапкершілікті арттыру. Студенттердің өзара танысуы мен сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында тренинг «Ассоциациялар» ойынымен басталды. Негізгі бөлімде бірлесе әрекет ету мен ортақ шешім қабылдау дағдыларын дамыту мақсатында «Ұшатын кілем» және бір-бірін жақсырақ тануға бағытталған «Біріктіру» жаттығулары өткізілді. Қорытынды бөлімде топ ішінде сенім мен қолдау атмосферасын нығайту үшін «Сенім өрмекі» және «Комплименттер шеңбері» жаттығулары орындалды. Тренингке университетіміздің Математика, физика және информатика факультетінің 30-ға жуық студенттері қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|