қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
08.04.2024

«Dance Fest» қалалық би байқауының жеңімпаздары анықталды

 

2024 жылдың 6 cәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Абай Әлемі» атты көктемгі мерекелік кезеңдері аясында Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен «Dance Fest» қалалық би байқауы өтті. Байқау Алматы қаласы ЖОО-ның студенттері арасында ұйымдастырылды. 

 

Байқауға Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Логистика және көлік академиясы, Алматы энергетика және байланыс университеті, Тұран университеті, Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетіні сынды жоғары оқу орындары қатысып, өз бақтарын сынады.

 

«Dance Fest» қалалық би байқауының мақсаты - жастардың шығармашылық қабілеттерін шындау және көшбасшылық қабілеттерін арттыру болды. Шараға «Алатау» дәстүрлі өнер театры бишілер құрамының әртісі - Сымбат Серикова, «Алатау» дәстүрлі өнер театры бишілер құрамының әртісі - Шырайлым Асылбек, хореограф - Аружан Құттыбай, актриса - Дильназ Абатова, «Jas Gala 2023-2024» конкурсының хореография бағыты бойынша ұйымдастырушысы Ахатай Ырысбек әділ бағасын берді.

Байқаудың нәтижесінде: 

І орын - Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетінің «EastLine» би тобы;

ІІ орын - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «TOP ART» би тобы;

ІІІ орын - Ғұмарбек Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университетінің «ADC» би тобы иеленді.

 

Ал, «Үздік стиль» номинациясын Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының «DIAMOND» би тобы иеленсе, «Үздік би тобы» номинациясын Логистика және көлік академиясының «Empire dance» би тобы алды. 

 

  alt=  

 


Жастар ісі жөніндегі комитет

 

 




Кері оралу