қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
10.04.2024

Алматы қаласы Мәдениет басқармасымен ынтымақтастық келісім-шарты жасалды


2024 жылдың 10 сәуірінде Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ және «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

 

Университет студенттеріне мәдени-шығармашылық және әлеуметтік-шығармашылық белсенділік қабілеттерін дамытуды, тарихи және мәдени мұраны құрметтеуді ынталандыруға бағытталған бірлескен іс-шараларды іске асыру мақсатында жасасқан меморандумға «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп пен «Алматы қаласы Мәдениет басқармасы» КММ басшысы Ғани Майлыбаев қол қойды.

 

Әріптестіктің негізгі мақсаты - еліміздің мәдениетін дамыту саласында тиімді ынтымақтастықты жолға қою арқылы мәдени мұраны зерттеу мен ұлттық құндылықтарды өрістетуге бағыталған істерді бірлесе атқару, өнер адамдарының шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ мәдениетінің дамуын ынталандыруға бағытталған басымдықтарды іске асыру, бірлескен бұқаралық мәдени бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруды көздейді.

 

Алматы қаласы Мәдениет басқармасымен ынтымақтастық Абай университеті студенттерінің ұлттық және әлемдік мәдениетке, өнерге, сол арқылы ұлттық руханиятқа деген құштарлығын арттыра түсіретініне сенімдіміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент




Кері оралу