қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
11.04.2024

«Жұлдызды көктем» ән байқауының үздіктері анықталды


2024 жылдың 9 cәуірінде «Абай Әлемі» атты көктемгі мерекелік кезеңдері аясында Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен «Жұлдызды көктем» ән байқауы өтті. Байқау университет институттары арасында ұйымдастырылды.


«Халық әндері», «Болмасаңда ұқсап бақ», «Қазіргі танымал кең тараған әндер» атты үш кезеңнен тұрған байқауға институт атынан өнерлі жұптар қатысты. Шараға LK PRODUCTION компаниясының жетекшісі Лейли Камалова, Ж.Елебеков атындағы Республикалық Эстрада-Цирк Колледжінің ұстаздары Ернар Тленшиев пен Айнұр Мирамғалиқызы, әнші Индира Хамзина, жүргізуші Айсулу Джумашева төрелік етті.

 

Байқаудың нәтижесінде:

І орын - Математика, физика және информатика институтының студенттері Бақдәулет Бақытұлы мен Қарақат Бақытқызы;

ІІ орын - Жаратылыстану және география институтының студенттері Ақбота Есқатқызы мен Назерке Иргебаева;

ІІІ орын - Өнер, мәдениет және спорт институтының студенттері Дамир Сарман мен ЛәззатХайратова иеленді.

 

Ал «Көрермен көзайымы» номинациясын Тарих және құқық институтының студенттері Ислам Мақсұтханұлы мен Элдар Садуллаева, «Үздік дуэт» номинациясын Сорбонна - Қазақстан институтының студенттері Самал Каршалова мен Нұрай Әлжан, «Бұлбұл дауыс» номинациясын Филология институтының студенттері Жайдары Есембетқызы мен Жұлдызай Байтақбаева, «Үздік орындаушы» номинациясын Педагогика және психология институтының студенттері Әлішер Мыңбай мен Аружан Құмарбек алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  



Әлеуметтік даму және жастар саясаты жөніндегі департамент

 




Кері оралу