қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
04.11.2025

«Біз - команда: бірлікке бастар жол» тақырыбында психологиялық тренинг өтті


2025 жылдың 4 қарашасында Психологиялық қолдау қызметі Педагогика және психология факультетінің 3-курс студенттерімен «Біз - команда: бірлікке бастар жол» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

 

Тренингтің мақсаты - қатысушылардың командалық өзара әрекеттесудің маңызын түсінуіне ықпал ету, ынтымақтастық, сенім мен өзара қолдау дағдыларын дамыту, сондай-ақ ұжымның бірлігі мен ұйымшылдығын нығайту болды.

 

Танысу мен сенімді қарым-қатынас орнату мақсатында тренинг «Ассоциациялар» ойынымен басталды. Негізгі бөлімде бірлескен іс-қимыл дағдыларын, ортақ шешім қабылдау қабілеттерін және қатысушылар арасындағы өзара түсіністікті дамыту үшін «Ұшатын кілем» және «Бізді біріктіретін ортақ нәрсе» жаттығулары өткізілді.

 

Қорытынды бөлімде топ ішіндегі сенім мен өзара қолдау атмосферасын күшейту мақсатында қатысушылар «Сенім өрмегі» және «Шеңбердегі комплименттер» жаттығуларын орындады.

 

   

 

 

 

 

Психологиялық қолдау қызметі

 




Кері оралу