қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
14.06.2016

2016 ЖЫЛДЫҢ «ҮЗДІК ТӘРБИЕ ЖЕТЕКШІЛЕРІ» МАРАПАТТАЛДЫ

Тәрбие жетекшілігі жүйесінің жұмысын жетілдіру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын тәрбие жетекшілерін анықтау, оларды моральдік тұрғыда ынталандыру мақсатында университетімізде 2012 жылдан бері «Үздік тәрбие жетекшісі» байқауы ұйымдастырылып келеді.
Бүгінгі күнге дейін 133 тәрбие жетекшісі «Үздік тәрбие жетекшісі» төсбелгісімен және материалдық тұрғыда марапатталды.
Дәстүрлі байқау биылғы оқу жылы университет ректорының қолдауымен 29 наурызы мен 15 сәуірі күндері аралығында өткізілді. Екі кезеңде өткен байқауда 50-ге жуық тәрбие жетекшісі бақ сынасып, олардың ішінен 24 тәрбие жетекшісі «Үздік тәрбие жетекшісі» атағына лайық болды. Жеңіске жеткен тәрбие жетекшілерін марапаттау үшін 2016 жылдың 10 маусымы күні салтанатты шара ұйымдастырылып, шара барысында университетіміздің Тәрбие ісі жөніндегі проректоры Ж.Е. Ішпекбаев үздіктерді жеңістерімен құттықтап, салтанатты түрде «Үздік тәрбие жетекшісі» төсбелгісімен марапаттады.

 
Марапатталған тәрбие жетекшілері университет басшылығына өз ризашылықтарын білдіре отырып, бұдан әрі де жастара тәрбиесі ісіне аянбай еңбек ететіндері жеткізді.

Тәрбие жұмысы, жастар саясаты
және мемлекеттік тілді дамыту басқармасы

 




Кері оралу