қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
03.09.2016

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
«Білім күніне» арналған салтанатты жиын

1 қыркүйек - Білім күні. Еліміздің барлық түпкірінде үлкен мереке мектеп бітірген жастар студент атанып, өмірдің жаңа белестерін, «ғылым» атты әлемнің есігін ашып отыр.
Білім адамзатқа бостандық пен өмірлік жолды ашатын алтын кілт.
Осындай айтулы мереке қазақ білімінің қара шаңырағы, қазақтың тұңғыш жоғарғы оқу орны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде салтанатты түрде өтті.
Университет алаңында мерекелі жиын мен концерттік бағдарлама болды.

 
Салтанатты жиынды университетіміздің ректоры, профессор, академик Серік Жайлауұлы Пірәлиев ашты. Шараға қатысушы студент, магистрант, докторларды және ұстаздарды жаңа оқу жылының шымылдығының ашылуымен құттықтай келе, барлық жиналғандарға шығармашылық табыс пен сәттілік тіледі.

Университет ректоры С. Ж. Пірәлиев оқуға жаңа түскен талапкерлерге «Студенттік билет» пен «Білім кілтін» салтанатты түрде тапсырды.
Салтанатты мерекелік жиында университеттің Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры п.ғ.д., профессор Әлмұхамбетов Берікжан Айтқұлұлы, Жаратылыстану және география институтының директоры география ғылымдарының докторы, профессор Күләш Дүйсенбайқызы Қаймулдинова университет ұжымын, алғаш қарашаңыраққа қадам басқан студент жастарды жаңа оқу жылымен құттықтады.

 
Қазақстан эстрада жұлдыздары мен университетіміздің талантты жастары ұйымдастырған мерекелік салтанатты жиын одан әрі концерттік бағдарламамен жалғасын тапты.
Мерекелік шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Алматы қаласының 1000 жылдығына тұспа-тұс келді.

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы

 




Кері оралу