қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
13.10.2016

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Медеу ауданы әкімшілігімен бірлесе ұйымдастыруымен Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығы аясында «Желтоқсан жаңғырығы» атты Желтоқсан оқиғасына қатысушылармен кездесу

Абай атындағы ҚазҰПУ-де Медеу ауданы әкімшілігінің қолдауымен қазан айының 12-і күні Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 25 жылдығына тұспа-тұс келген, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының 30 жылдығына байланысты, кездесу өтті. Кездесу 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын ашып, студент жастарымызға жеткізу, жасақшыларданқайтпаған, қаймықпаған желтоқсаншылардың ерлігін үйрете отырып, жас ұрпақты ерлікке, отансүйгіштіккетәрбиелеу мақсатында өтті. Алғы сөзді бастаған ҚазҰПУ тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е. Ішпекбаев Желтоқсан оқиғасы кеңес үкіметінің іргесін шайқалтқан, ел Тәуелсіздігіне себепкер болған әйгілі көтеріліс және қазақ халқы үшін ең маңызды тарихи дата екеніне жете тоқтала кетіп, кездесуге келген арнайы қонақтар «Желтоқсан рухы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Ноғайбайұлы Рысқұлбек мырзаға, «Ұлы Желтоқсан - 1986 көтерілісі» қоғамдық бірлестігініңтөрайымы ГүлнәрСабырғалиқызы Лепесбаеваға және Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Айдарұлы Майлыбаевқа кездесуді ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдіріп, сөз кезегін қонақтарға ұсынды. 

Қонақтардың қатарынан, сөз кезегін бастаған Талғат Ноғайбайұлы Рысқұлбек, қазақ тарихына жалпылама тоқтала кете, 1986 жылғы көтерілістің ызғарлы күндерінде қазақ жастарының көшбасшысы болған, қайсар мінезді, терең ойлы ағасы Қайраттың өмірбаянынан үзінділер келтіре отырып, жеке өз басынан өткен деректерді аудиторияға баянды тілмен жеткізіп, жастарымызға ой-тербеліс тудыратындай мағлұматтар берді. Келесі сөз кезегін алған ГүлнәрСабырғалиқызы Лепесбаева өзі басынан кешкен, көзі көрген фактілермен толғана отыра бөлісті. Медеу ауданы әкімінің орынбасары Ғани Майлыбаев өз сөзінде 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің саяси маңыздылығына тоқталып, жастарды білімге ұмтылыспен қатар, рухани азық бола алатын Желтоқсан оқиғасының батыр ұл-қыздарының ерліктерінен тәлім алуға шақырды.
Университетіміздің дарынды жастары 3 курс студенті Роза Тәжібаева қонақтарға арнау оқыса, 1 курс студенті Мажен Бекзат ән шашуын ұсынды.
Кездесуді қорытындылай келе Тәрбие ісі жөніндегі проректор Ж.Е.Ішпекбаев келген қонақтарға университет басшылығы атынан алғысын білдіріп, кеш қонақтарына кәдесый тарту етті.

                

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі басқармасы

 




Кері оралу