қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
17.05.2021

Жалпырейсейлік онлайн Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарды презентациялау конкурсы

 

2021 жылдың 15 мамыры күні Г.В. Плеханов атындағы РЭУ-да Жалпырейсейлік онлайн Студенттік ғылыми-зерттеу жұмыстарды презентациялау конкурсы өткізілді. Конкурс Г. В. Плеханов атындағы РЭУ гуманитарлық дайындық орталығы және №2 шетел тілдері кафедрасы Британдық «MacmillanEducation» (SpringerNatureGroup) баспасының қолдауымен онлайн форматта ұйымдастырды.

 

Конкурсқа дайындық және ұйымдастыру жұмыстарын №2 шет тілдер кафедрасының меңгерушісі Л.Д. Торосян, доцент М.А. Симоненко және аға оқытушы Григорян А.Е. жүзеге асырды.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ атынан конкурстың үйлестірушілері Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі департаменті директорының м.а. Бекбенбетова Қазына және департаменттің жетекші маманы Тұрладжиев Алпамыс болды.

 

Конкурсқа қатысу үшін студенттер тарапынан көп өтінімдер түсіп, ғылыми тұрғыдан ең қызықты деп танылған жұмыстар іріктеуден өтті. Конференция келесі бағыттағы секциялар бойынша жүргізілді: «Гуманитарлық ғылымдар», «Экономикалық ғылымдар» және «Техникалық ғылымдар». Конкурсқа барлығы 147 адам қатысып, 52 студент баяндама жасады.

 

Студенттік біріншілікке қатысушлардың географиялық ауқымы кең болды: конкурсқа әртірлі елдер мен Ресей Федерациясының түрлі аймақтарынан, Мәскеу, Башқұртстан, Алтай өлкесі, Орал, Чуваш Республикасы, Железноводск, Пермь, Ижевск, Орынбор, Қазақстан, Қытай ЖОО студенттері бақ сынасты. Барлық баяндамалар ағылшын тілінде ұсынылды.

 

Қазылар алқасының құрамында Ресей, Албания, Армения, Қазақстан сияқты түрлі елдерімен және жоғары оқу орындары өкілдері мен сарапшылары болды. Қазылар алқасы қатысушыларды төрт критерий бойынша бағалады - сөйлеу сауаттылығы, презентация құрылымы, зерттеудің өзектілігі, алынған нәтижелердің практикалық маңыздылығы.


Жеңімпаздар мен жүлделі орын иегерлері:

Гуманитарлық ғылымдар бағыты бойынша:

1 орын - Зарина Есбулатова («Абай атындағы ҚазҰПУ» (Қазақстан) және Анастасия Хомич (А. Пушкин атындағы МОТИ);

2 орын - Дарья Вельц (А. Пушкин атындағы МОТИ);

3 орын - Ирада Шамедова(А. Пушкин атындағы МОТИ) және Олег Щербаков (Ресейдің Тұңғыш Президенті Б. Н. Ельцин атындағы Орал федералды университеті).

Экономикалық ғылымдар бағыты бойынша:

1 орын - Анастасия Дорофеева (РФ Үкіметі жанындағы Қаржы университеті);

2 орын - Дмитрий Локтиков (Г.В. Плеханов атындағы РЭУ), Каневская Ольга (Г.В. Плеханов атындағы РЭУ);

3 орын - Александра Гончарова (Г.В. Плеханова атындағы РЭУ), Любовь Моисеева (Г.В. Плеханова атындағы РЭУ).

Техникалық ғылымдар бағыты бойынша:

1 орын - Матвей Кузнецов (Г.В. Плеханова атындағы РЭУ);

2 орын - Анна Перфильева (Башқұрыстан мемлекеттік университеті);

3 орын - Анастасия Строкова, Айыына Семёнова (Г.В. Плеханова атындағы РЭУ).

 

Қазылар алқасы мен конкурс қонақтары студенттердің жоғары дайындық деңгейін атап өтті.

 

   

 

   

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және

жастар саясаты жөніндегі департамент

 




Кері оралу