қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
11.11.2016

«Мен еріктімін...» атты 28 - ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарына еріктілерді тіркеу

 

2016 жылдың 9-11 қараша күндері университетіміздегі дәстүрлі студенттік апталық  аясында «Мен еріктімін...» атты 28 - ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада ойындарына еріктілерді іріктеу болып өтті. Алматыда болатын алдағы халықаралық жарыстың еріктілерін іріктеу 9-11 қараша күндері аралығында болды.  Абай атындағы ҚазҰПУ-нен халықаралық Универсиадаға ерікті болу мақсатында 350 үміткер өтініштерін білдірді.  

Ерікті студент-жастарды ауқымды спорттық шараға іріктеу барысында студенттерден сауалнама алынып, еріктілерге арналған тренингтер мен коучингтер өткізілді. Сондай-ақ, универсиаданы дайындап, өткізу дирекциясының ресми мәліметіне жүгінсек еріктілерердің  барлығы кез-келген ауа-райына арналған спорттық киіммен, тамақпен, ұялы байланыспен, қалада көлікпен еркін жүруге мүмкіндік алады. Эстафета Алауын іске асыруда, барлық халықаралық еріктілермен, өңірлердегі белсенділермен тығыз байланыста жұмыс жасалатындығы айтылды.

Осындай игі шаралар біздің жастарымыздың қоғамдағы белсенділігін арттырып, ұстанымдарын нақтылауға септігін тигізері айқын. Жалпы университетіміз бойынша  2017 жылғы Универсиада ойындарына ерікті ретінде қатысуға 350-ге жуық студенттер өз өтініштерін білдірді.

Шараға қатысқан Универсиада дирекцясынан келген өкілдер студент- жастарға арнайы «Еріктілер ережелері» мен талаптары туралы түсіндіріп өтті.

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы





Кері оралу