қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
11.02.2022

«Qolday» кәсіпкерлік орталығының Абай атындағы ҚазҰПУ
білім алушыларымен кездесу

 

«Almaty Business - 2025» өңірлік бағдарламасын іске асыру барысында «Qolday» кәсіпкерлік орталығымен тығыз өзара әрекет ету және университетіміздің студенттері мен оқытушыларын кәсіпкерлік қызмет дағдыларына оқытуға бағытталған меморандумға қол қойылды. Меморандум негізінде университет студенттеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 9-10 ақпан аралығында барлық институттармен кездесу кестесі әзірленді. Жаратылыстану және география, Педагогика және психология, Тарих және құқық, Өнер, мәдениет және спорт институттары студенттерімен онлайн-кездесу ұйымдастырылып, ZOOM платформасы арқылы 2700-ге жуық профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушылар қатысты.


Кездесуге университетіміздің Абай университетінің әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Шынғыс Нұрланов, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент директорының орынбасары Дидарбек Ділдәбек қатысып, «Qoldau» кәсіпкерлік орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Оқыту департаменті директорының орынбасары Тлеулиев Нурлыбек және бас маман Рамазанова Гүласыл кәсіпкерлік бойынша ақпараттық баяндамалар жасады.


Баяндама барысында кәсіпкерлік бойынша гранттарды ұтып алу үшін жылына 2 рет өтініш білдіріп, конкурсқа қатысу мүмкіншілігін ала-алатыны айтылды.


Шара соңында, білім алушылар мен профессор-оқытушылар құрамы өздерінің сауалдарын қойып, сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар, оқыту курсы бойынша қатысуға ниет білдіргендерге арнайы тіркелу сілтемесі жіберіліп, жиынды қорытындылады.

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент




Кері оралу