қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
24.03.2022

Тоғызқұмалақ пен қазақ күресінен ҚР жоғары оқу орындары арасындағы жарыстар 


2022 жылдың 14-18 наурыз аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ - да Алматы қаласы, Оңтүстік-Шығыс дивизионының тоғызқұмалақтан және қазақ күресінен ҚР жоғары оқу орындары арасында спорттық студенттік лиганың жарыстары өтті. Іс-шараның салтанатты ашылуында Басқарма төрағасы - ректор Дархан Біләлов құттықтау сөз сөйлеп, барлық қатысушыларға спорттық жетістіктер, жеңіс және барша жақсылықты тіледі.

 

Жарыс қорытындысы бойынша тоғызқұмалақтан Абай атындағы ҚазҰПУ құрамасы 1-ші орынға ие болып, аймақтық жарыстардың жеңімпаздары атанды, жаттықтырушы (тренер) Мира Иралина.

 

 Біздің балуандарымыз да үздік нәтиже көрсетті-қазақ күресінен Абай атындағы ҚазҰПУ ұлдар құрамасы 1-ші орын, қыздар командасы 2-ші орын алды, жаттықтырушы Еркін Сайдаков.

 

Жеңімпаз командалар ҚР финалдық жарыстарына жолдама алды. Барлық жеңімпаздар, қатысушылар, қонақтар кубоктармен, грамоталармен, медальдармен, сыйлықтармен марапатталды. Жарыс жоғары кәсіби деңгейде өтті.

 

Тоғызқұмалақтан Абай атындағы ҚазҰПУ құрамасы - Математика, физика және информатика институтының 4 курс студенті Маханова Нұрсұлу; Өнер, мәдениет және спорт институтының 2 курс студенті Қуатова Аружан; Өнер, мәдениет және спорт институтының 1 курс студенті Сәрсенбаева Забира жеңімпаз атанды.

 

Тоғызқұмалақтан жарыс қорытындысы бойынша Алматы қаласының Оңтүстік-Шығыс дивизионының аймақтық кезеңінде Абай атындағы ҚазҰПУ қыздар құрамасы 1 орынға ие болды. Команда ҚР финалдық жарыстарына жолдама алды.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу