қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
17.10.2022

«Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік іс-шара


2022 жылғы 14 қазанда Абай университетінде «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік іс-шарасы өтті. Мерекелік кеш Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент және Жастар ісі жөніндегі басқарманың ұйымдастыруымен өткізілді.


Салтанатты жиында Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов 1 курс студенттеріне жаңа білім жолында сәттілік тілеп, құттықтау сөз сөйледі


«Студенттік өмір - адам өміріндегі өте маңызды кезең. Студенттеріміз кәсіби қалыптасуға қадам басып, өмірлік ұстанымдары мен қажеттіліктерін айқындайды. Әрі қарай даму үшін көптеген мүмкіндіктер ашылады. Қамсыз болашаққа қамдану бүгіннен басталуы керек», - деп атап өтті ректор.


Дәстүрлі мереке бірінші курс студенттерінің шеруімен басталды. Үздік бірінші курс студенттерінің бірі ант қабылдап, білім кілті мен студенттік билетті алды. Салтанатты шараға 2 мыңнан астам адам қатысты.


Мерекелік кеште қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Ұланғасыр Ками, Akim, Марат Думан, Нұрбердиев Нұрсұлтан, Жанұзақ Елдос және Садық Бейбарыс, сондай-ақ университетіміздің дарынды жастары өз өнерімен қуантты. Студенттердің мерекесі MC Niko мен диджей Остиннің қатысуымен би кешіне ұласты.


Іс-шара жоғары деңгейде өтті және барлық қатысушыларға ұмытылмас әсер қалдырды.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу