қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
10.04.2017

 

УНИВЕРСИТЕТ  БЕЛСЕНДІЛЕРІ  ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА

«ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ: МӘҢГІЛІК ЕЛ» ТАҚЫРЫБЫНДА ӨТКЕН СЕМИНАР-ТРЕНИНГКЕ ҚАТЫСТЫ

 

         ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру және жастарға кеңінен түсіндіру мақсатында 2015 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында «Әлемді өзгертетін идеялар» атты екі күндік семинар-тренинг өткізу қолға алынды. Бұл семинардың қатысушылары  -республикамыздың түкпір-түкпірінен жалпы білім беретін мектеп, колледж, лицейлер мен  ЖОО-ның оқу озаттары, белсенді  жастары.

         Биылығы жылы да бұл игі шара өз жалғасын тауып,   2017 жылдың     1 ақпаны мен 7 желтоқсаны аралығында жоспарлы түрде өткізілуде. Аталмыш семинарға  еліміздің  52 білім беру мекемелерінің білім алушыларын  қатыстыру жоспарланған.

         Осы орайда, Тәрбие басқармасы  «100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында шаралар кешенін өткізу арқылы Елбасы саясаты туралы толық ақпаратқа ие, өзіндік ой-пікірін еркін жеткізе алатын белсенді жастарға іріктеу жүргізіп, республикалық семинарға  университет атынан қатысушыларды анықтады. 

Нәтижесінде білім ордамыздың  21 белсенді жастары университет ректоры С.Ж. Пірәлиевтің тікелей қолдауымен  29-30 наурыз күндері  аралығында өткен «Қазақстан жолы: Мәңгілік ел» тақырыбындағы семинар-тренингке қатысу мүмкіндігіне ие болды.

            Екі күнге созылған семинар-тренингтің барысында ««Мәңгілік ел» жолында: тарих пен тағылым», «Саяси өлшем: Тәуелсіздік және Ұлттық Қауіпсіздік», «Елбасының саяси философиясы және «Болашағы бір ұлт өкілі - негізгі қасиеттері» тақырыбында дәрістер оқылып, Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асыру бойынша мазмұнды ақпараттар берілді.

Тағылымдық семинар аясында  жастарды театр өнеріне баулу мақсатында  М. Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс театрының директоры Еркін Қасеновтің танымдық дәрісі оқылды.

              Семинар-тренинг қорытындысы бойынша Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Жапсарбай Қуанышев барлық белсенді қатысушыларға алғысын білдіріп,  арнайы Сертификаттар мен  «Біздің Президент» атты кітабын табыстады. 

 




Кері оралу