қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
27.10.2022

Abai University Speaking Club-тың ресми ашылуы


2022 жылғы 26 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ-да Abai University Speaking Club-тың ресми ашылуы өтті. Іс-шараға Басқарма Төрағасы-Ректор Дархан Біләлов және Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шыңғыс Нұрланов қатысты. Ашылу салтанатының қонақтары Алматыдағы АҚШ Бас консулдығының өкілдері Чэд Киннер, ағылшын тілі бағдарламаларының үйлестірушісі Айгүл Тайтелиева және Американдық кеңестің өкілі, бағдарлама үйлестірушісі Мақсат Қошқарбаев болды. 

 

Дархан Біләлов университет студенттері мен қызметкерлеріне ағылшын тілін тегін оқып, жетілдіруге мүмкіндік берілгенін атап өтті.


«Университет стратегиясының негізгі тармақтарының бірі - «үйдегі интернационалдандыру» принципі (Knight, 2004). Жаңа клуб - бұл біздің Стратегиямызды жүзеге асыру жолындағы тағы бір қадам. Осылайша, біз университет пен жалпы білім беру жұмысының сапасын арттыруды, сондай-ақ Абай атындағы ҚазҰПУ қызметкерлері мен студенттерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етеміз. Клуб қызметіне сәттілік тілей отырып, біз серіктестерімізге үлкен алғысымызды білдіреміз", - деді ректор.


Abai University Speaking Club ашылу салтанатының қызыл лентасын Чэд Киннер мен Мақсат Қошқарбаев қиды. Олар клуб жұмысында үлкен табыс тіледі. Салтанатты шара вокалдық, аспаптық және би нөмірлерінен тұратын концерттік бағдарламамен аяқталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу