қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
10.11.2022

«Ағартушы жолымен жас маманнан сұранысқа ие кәсіби маманға дейін» шеберлік сабағы


2022 жылдың 9 қараша күні «Ағартушы жолымен жас маманнан сұранысқа ие кәсіби маманға дейін» тақырыбында шеберлік сабақ өткізілді. Іс-шараға университетіміздің Honors college студенттері, PHD және магистратура білім алушылары қатысты.


Шеберлік сабағын «ALPHA ACADEMY» директоры Зиябеков Бақнұр, жаттықтырушылар Нысанбек Мирас, Худайбергенова Салтанат, Копырин Николай және Шурабай Әсемнің қатысуымен өткізді.


Мақсаты - жастарға білім беру саласында өздерін табуға көмектесу, жоғары ақы төленетін жұмысты қалай алуға болатындығын, әлемнің 20 елінде кәсіби бағдаршы болуды және саяхаттауды, математика, информатика немесе ағылшын тілі мұғалімі, SAT, ACT, IELTS TOEFL және басқа бағдарламалардың жаттықтырушысы ретінде өзін-өзі қалыптастыру жолдарын үйрету.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің білім алушылары өз тарапынан аталмыш бағыттағы іс-шараға қызығушылығын білдіріп қана қоймай, оқытушыларға түрлі сауалдар қойды. Іс-шара соңында «ALPHA ACADEMY» өкілдері жастарды тегін оқуға шақыруға бағдар болатын брошюраларын таратты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

    alt=    alt=  

 

     alt=




Кері оралу