қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
30.06.2014

 

Медеу мұз айдынында өткен «Жастар Елбасымен бірге!» флешмобы


Универсиада-2017 ұйымдастыру комитеті және Алматы қаласы Жастар саясаты жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың спортқа деген қызығушылықтарын арттыру және 2014 жылы Сочи қаласында өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларға қолдау көрсету мақсатында                  2014 жылдың 18 қаңтарында «Медеу» спорт кешенінде өткен жаппай коньки тебуді үйрену акциясына Алматы қаласындағы жетекші ЖОО-ның жастарымен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ-нің 100-ге жуық белсенді студенті қатысты. Шара барысында университет студенттерінің Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын қолдау мақсатында ұйымдастырған «Жастар Елбасымен бірге!» атты флешмобы Елбасына деген құрметті асырып, көпшіліктің ілтипатына бөленді.

 

 

 




Кері оралу