қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
08.10.2019

«Парасат» орталығы ашылды

 


 

2019 жылдың 7 қазанында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментімен бірлескен «Парасат» орталығы ашылды.

 

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің бастығы Қайрат Сүнтаев, сонымен қатар Алматы қаласы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілдері және университет басшылығы қатысты.

 

Жаңа орталықтың мақсаты - білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды және мәдениетті қалыптастыру, өскелең ұрпақты адалдық қағидаттарына тәрбиелеу, сонымен қатар халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы менеджмент жүйесін дамыту және енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асыру. Орталық «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесімен, «Алматы - Адалдық алаңы» жобасымен, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен, Алматы қаласының әкімдігімен, сондай-ақ жастар ұйымдарының өкілдерімен байланыс орнатады.

 

Іс-шара барысында ректор Такир Балықбаев жаңа орталықтың алдағы уақыттағы қызметі мен стратегиясы, білім алушыларға, оқытушыларға және әкімшілік қызметкерлерге арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандарттары туралы, университеттегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссия мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы Кеңес туралы, оқытушылар мен студенттердің қызметін бағалау жүйесін дамыту туралы, ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету жолдары, шешімдерді қолдану және орындау, сонымен қатар университетті цифрландыру туралы айтты.

 

«Парасат» орталығы - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың дербес құрылымдық бөлімшесі, ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тұжырымдамасы мен стандарты негізінде жұмыс істейді. Парасат орталығы өз жұмысын «Sanaly Urpaq» республикалық жобалық кеңсесінің ұсынымдары аясында жүргізеді.

Іс-шараға қатысушылар «Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығының жұмысымен танысты.

 

 

08.10.2019 ж.

Ақпарат көзі: kazgazeta.kz