қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
25.09.2016

Мұз алаңында Алматы қаласының 1000 жылдығы атап өтілді

Алматы қаласының 1000 жылдығын тойлау аясында және тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мерекелік шараға елбасы Н.Ә.Назарбаев қатысты.
Мерекелік шоу қаламыздың тәуелсіз жылдардағы қалыптасқан ел арасындағы алар орны мен абыройын ашып көрсетуге бағытталды.
Университеттен жаңа Мұз алаңы «Алматы Аренаға» 400-ден аса студент шақыру билеттеріне ие болды.
Мерекелік шара барысында студенттер Алматы қаласының тарихи хронологиясын тамашалап, қаламыздың қазіргі келбеті жаңа архитектуралық ғимараттар, бизнес, туризм және спорттан Қазақстанның орталығына айналып отырғанының куәсі болды.
Мереке барысында алда болатын «Универсиада - 2017» және «Астана ЭКСПО - 2017» халықаралық шараларға арнайы көңіл бөлінді.
Сонымен қатар, ҚазҰПУ студенттері «Apple Fire» мерекелік от шашу шоуын тамашалады.
Қорытындылай келе, бұл шоу студенттер арасында патриоттық сезімдердің нығайюына түрткі болып, жастарды шығармашылықпен айналысуға шабыттандырды.

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі басқармасы

 




Кері оралу