қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
16.06.2021

Студенттік еңбек жасақтары өз жұмысын бастады

 

Оқу жылы аяқталып қалды, демек Студенттік құрылыс жасағының мауысымдық жұмыстары басталмақ.


Жыл сайын жазғы демалыс уақытында студенттерді уақытша жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау көрсету мақсатында Студенттік құрылыс жасағы құрамына сарбаздар қабылданады. Биылғы жылы Студенттік құрылыс жасағы жұмысының ашылу салтанаты 14 маусымы күні болып өтті.


Шараны Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев ашып жасақ құрамының мүшелеріне жұмыс барысын түсіндіріп, қазіргі пандемиялық жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық сақтану шараларымен таныстырып. Сонымен қатар жұмыс барысында барынша еңбек және қауіпсіздік ережелерін ұстану қажеттігін атап өтті.


Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы Дидарбек Ділдәбек пандемиялық жағдайда жасақ қатарына қабылдау мамыр айы бойы жүргізіліп, өтініштер онлайн түрінде қарастырылғандығын және маусымдық жұмыс 15 маусымы мен 15 тамызы аралығында жүретіндігін атап өтті.


Жұмыс барысында студенттер оқу ғимараттары мен жатақханаларда жүргізілетін жөндеу жұмыстарына жұмылдырылады.


Атап кететін жайт, 15 маусым күні белгіленген мерзім бойынша құрылыс жасағының сарбаздары өз жұмыстарына белсенді кірісіп кетті.


Жасақ қатарында еңбек ететін жастардың маусымдық жұмыстарының жемісті аяқтауларына тілектеспіз.

 

   

 

   

 

   

 

 

 




Кері оралу