қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
27.04.2017

 

СТУДЕНТТІК КӨКТЕМ ФЕСТИВАЛІ АЯСЫНДА

«ӘЗІЛІҢ ЖАРАССА...» АТТЫ РЕКТОР КУБОГЫНА АРНАЛҒАН ИНСИТУТАРАЛЫҚ ЖАЙДАРМАН ОЙЫНДАРЫ ӨТТІ

 

        2017 жылдың 24 сәуірі күні  «ЕХРО - 2017» халықаралық көрмесін қолдауға арналған «Жастар. Шығармашылық. Инновация» тақырыбындағы  Студенттік көктем фестивалі аясында «Әзілің жарасса...» атты ректор кубогына арналған университетішілік жайдарман ойындары өтті. 

       Додаға Филология және көптілді білім беру институтының «Көңілді жандар», Педагогика және психология институтының «Дефицит», Жаратылыстану және география институтының «Бір үйдің баласындай», Өнер, мәдениет және спорт институтының «Эксперимент» және Математика, физика және информатика институтының «Түбір асты он алты» командалары қатысты. Командалар сәлемдесу, сұрақ-жауап және биатлон  секілді үш кезең бойынша өзара сайысқа түсті. Жайдарман  ойындарының басты ерекшелігі - өз шығармашылығына өмірдегі, саясаттағы жалпы қоғамдағы болып жатқан құбылыстарды әзілмен жеткізу.

         Алматы қаласы жайдарман ойындарының директоры О.Д. Құлымбетов төрағалық еткен  әділ қазы алқасы құрамында  Студенттік кәсіподақ ұйымының төрағасы Е.Т. Оразбаев, Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы  Р.Қ. Сеитов, Мәдениет бөлімінің маманы Б.Т. Шораева және университетіміздің «Апорт» КТК командасының мүшесі А. Пернебаев қазылық етті. Қазылар алқасы әрбір айналымның қорытындысы бойынша әділ бағаларын беріп отырды.

       Сапалы әзілге салмақты ойын қосып жеткізе білген қатысушы командалардың әзілдері әртүрлі өзекті тақырыптарды қозғады. Ойыншылар «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін, оқу процесі кезіндегі қызықты оқиғаларды, студенттік өмір, әлеуметтік желі тақырыптарын әзілге салып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй мен күлкі сыйлады.

        Ойын нәтижесі бойынша I орынды  «Бір үйдің баласындай» командасы жеңіп алса, II орынды «Түбір асты он алты» командасы,      III орын «Көңілді жандар» құрамасы иеленді.

             Фестиваль ойындары нәтижелері бойынша барлық жеңімпаз атанған командалар  2017 жылдың 29 сәуірі күні Студенттік фестивальдің жабылу салтанатында марапатталатын болады.

 

 

 

 

 

Тәрби, әлеуметтік жұмыстар және
жастар саясаты жөніндегі басқарма




Кері оралу