қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
22.05.2017

 

18 МАМЫР - ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН «МУЗЕЙ ТҮНІ» АТТЫ ҚАЛАЛЫҚ АКЦИЯ ӨТТІ

              2017 жылдың 18 мамыры күні «Алматы қаласы музейлер бірлестігінің» ұйымдастыруымен «Музей түні» атты қалалық мерекелік акциясы өтті. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, «Музейлердің ұзақ түні» деген атпен енген «Музей түні» алғаш рет 1997 жылы Берлин қаласында өткен. Мереке идеясы 1970-жылдары Еуропада музейге келушілерге дәстүрлі түрде тегін аралап шығуға есік ашатын. Сол үрдіс бүкіл әлемде жалғасып тапты. Ал Қазақстанда 2006 жылдан бері дәстүрлі түрде «Музей түні» өткізіліп келеді. «Музей түнінің» негізгі ұраны - көрермендер үшін ашықтық және қол жетімділік. Тарихтан сыр шертетін сан ғасырлық мұралардың киелі ордасына айналған қала­мыздағы мұражайлар Халық­аралық музейлер күніне орай мерекелік іс-шаралар өткізіп, көрермен қауымды құпия әлемге толы қызықтарға саяхат жасатты. «Музей түні» акциясын өткізудегі негізгі мақсат - көрермендерге мәдени мұраны насихаттау, жастарды музейге тарту, қоғамдық өмірде музейдің маңыздылығын көрсету болып табылады. Осы орайда университетіміздің белсенді студенттері Н.Тілендиев мемориалдық музейінде қонақта болды. Музей түні барысында «Н.Тілендиевтің шығармалары», «Ән жұмбақ» ойыны, жұлдызды гид, концерттік бағдарламалар  өткізілді. Көрермен қауым дарынды композитордың күмбірлеген күйлері мен әсем әндерінен құралған концертті тамашалады. Өнерлі жастар арасында Нұрғиса Тілендиевтің әндер топтамасынан «Ән жұмбақ» ойындары, әсерлі әңгіме, әуезді ән, қызықты дерек, танымдық сюжеттер көрсетілді. Тарихы терең, сырлы әуеннің сырын тапқан Нұрғиса Атабайұлы туралы бейне роликтер көрсетіліп, тарихи-танымдық ойындар ойнатылып, жеңім­паздар естелік сыйлықтармен марапатталды. Шараға белсене қатысқан студенттеріміз қазақ өнерін өркендеткен талантты тұлғаның өнегелі өмірі мен шығармашылығынан мол мағлұмат алды.  Университетіміздің Тәрбие басқармасы Алматы қаласы Музейлер бірлестігімен тығыз байланыс орнатып,  «Музей түні» атты іс-шараға атсалысқаны үшін  Алматы қаласы Музейлер бірлестігінің    арнайы Алғыс хатымен марпатталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты басқармасы

 


 

 




Кері оралу