қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
19.11.2025

Жатақхана студенттерімен психологиялық тренинг өтті


2025 жылдың 18-19 қараша күндері Психологиялық қолдау қызметінің психологтары №1 және №2 жатақхананың студенттерімен «Бір шаңырақ» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.

 

Тренингтің негізгі мақсаты - ортақ құндылықтар мен бірлікті сезіне отырып, ұжымда сенім мен өзара қолдау атмосферасын қалыптастыру, студенттердің тиімді қарым-қатынас, ынтымақтастық және өзара түсіністік дағдыларын дамыту.

 

Студенттердің бір-бірімен жақынырақ танысуы және топ ішінде жағымды көңіл күй орнату мақсатында тренинг «Мен туралы үш факт - екеуі қалыпты, бірі күтпеген» жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімде вербалды емес өзара әрекеттесуді дамытуға, сенімді арттыруға, әрекеттерді келісуге және ортақ мақсатқа бірге қол жеткізуге бағытталған «Крокодил» және «Командалық дәлдік» жаттығулары жүргізілді.

 

Тренинг соңында қатысушыларға өз үлесін сезінуге, бір-біріне алғыс айтуға және топта қалыптасқан бірлік сезімін бекітуге мүмкіндік берген «Шырақ» жаттығуы өткізілді.

 

Тренингке университетіміздің №1 және №2 жатақханадан шамамен 60 студент қатысты.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

 

 

Психологиялық қолдау қызметі

 




Кері оралу