қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
08.12.2023

Абай университеті мен ҚР Жазушылар одағы ынтымақтастық орнатуда

 

2023 жылдың 8 желтоқсанында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ және Қазақстан Жазушылар одағы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

 

Мақсаты - еліміздің мәдениеті мен әдебиетін дамыту саласындағы тиімді ынтымақтастықты жолға қою арқылы ұлттық құндылықтарды өрістету жайлы істерді бірлесе атқару, жазушылар мен ақындардың шығармашылығын насихаттау арқылы қазақ әдебиетінің және поэзиясының дамуын ынталандыруға бағытталған басымдықтарды іске асыру, бірлескен рухани-ағартушылық, әдеби бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыру. Бірлескен рухани-ағартушылық, әдеби бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асырудағы серіктестік және өзара ынтымақтастық туралы меморандумға «Абай атындағы ҚазҰПУ» КеАҚ Басқарма төрағасы - ректор Болат Тілеп пен Қазақстан Жазушылар одағы Басқарма төрағасының орынбасары, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Ғалым Қалибекұлы қол қойды.

Адам руханиятқа, жан-жақты дамуға көркем әдебиет пен көркем шығарма арқылы қол жеткізетіні белгілі. Қазақстан Жазушылар одағымен ынтымақтастық Абай университеті студенттерінің ұлттық және әлемдік мәдениетке, өнерге, сол арқылы ұлттық руханиятқа деген құштарлығын арттыра түсіретініне сенімдіміз.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу