қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
19.01.2024

Спартакиада-2024

 

2024 жылдың 15 - 18 қаңтар күндері аралығында Абай университеті қызмеркерлері мен профессор-оқытушылар құрамы арасында «Спартакиада - 2024» спорттық іс-шарасы өткізілді. Спартакиадаға жалпы саны 8 команда қатысты. Олар: 7 институт және университеттің ректоратынан құралған команда қатысты. Спартакиада 6 түрлі спорттық ойындар: арқан тарту, шахмат, спорттық эстафета, стол теннисі, воллейбол және футзал бойынша өтті.

 

Спартакиаданың негізгі мақсаты - салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ университеттің оқытушылары мен басқа да қызметкерлерін спортпен шұғылдануға тарту. Үш күндік жарыста Өнер, мәдениет және спорт институтының өкілдері командалық есепте бірінші орынға ие болды. Екінші орынды Жаратылыстану және география институты, ал үшінші орынды Математика, физика және информатика институты иеленді.

 

Жүлделі орындарға ие болған командалар арнайы дипломдармен және кубоктармен марапатталды.

 

Спартакиаданың үздік төрешіcі «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасының оқытушысы Мира Иралина болды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу