қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
15.02.2024

Абай университетінің студенттері «Қазақ шешендік клубының» негізін қалаушы Қ. Жұмабаевпен кездесті


2024 жылдың 13 ақпанында Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен«Ораторлық қабілет» тақырыбына арналған кездесу өтті.

 

Кездесу қонағы - шешендік өнер бойынша кәсіби жаттықтырушы, «Fabrika oratora» компаниясының негізін қалаушы, «Қазақ шешендік клубының» негізін қалаушы Қуаныш Жұмабаев болды.

 

Сөз шеберлігін қалыптастыру, адамның тұлғалық қасиеттерін дамыту, студенттердің көпшілік алдында сөйлеу және ойларын еркін жеткізу, өздерін ұстай білу дағдыларын игеру мақсатындаұйымдастырылған шара барысында адамгершіліктің, руханияттың, мейірімділіктің, тектіліктің жеке және кәсіби қалыптасудағы рөлі егжей-тегжейлі қарастырылды.

 

Қуаныш Жұмабаев іс-шара барысында шешен сөйлеудің логикалық-композициялық құрылысы мен стильдік табиғатына, импровизациялық өнердің түрлі әдіс-тәсілдеріне тоқталып, студенттердің шығармашылық белсенділігін арттыруға, дамыту ынтасын анықтауға, бағыт-бағдар берді. Сондай-ақ, спикер студенттермен топтық және жеке жұмыс түрлерін жүргізу арқылы қатысушыларды көшбасшылық, аудиторияны қалай тез орналастыру керектігі туралы келіссөздер жүргізу дағдыларына үйретті.

 

Іс-шара соңында студенттер көпшілік алдында сенімді сөйлеуге арнайы ойындар мен тапсырмалар орындады. Нәтижесінде студенттер маңызды ақпараттарға қолжеткізіп, қызықтырған сұрақтарына жауап алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті

 




Кері оралу