қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
10.02.2023

«Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!» қалалық поэзия - ән байқауы


2023 жылғы 9 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 95 жылдық мерейтойы аясында ЖОО студенттерінің арасында ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне орай «Мұқағали - мәңгілік ғұмыр!» қалалық поэзия - ән байқауы өтті. Байқауда Қазақстан Республикасының Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, Алаш сыйлығының лауреаты Бақыт Беделхан, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әнші Медеу Арынбаев, Өнер, мәдениет және спорт институтының аға оқытушысы Назым Болатханқатарлы өнер майталмандары қазылық етті. Байқауға 131 үміткер қатысты. Байқау келесі наминациялыр бойынша жүргізілді:

 

- Мұқағали поэзиясы - 63 үміткер;
- Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер - 36 үміткер;
- Жас ақындардың жеке шығармашылығы - 32 үміткер.
Байқауға Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығына қызуғышылық танытқан, өлеңдері мен ақынның сөзіне жазылған әндерді жатқа білетін, талантты студенттер бағын сынап, өз өнерлерін көрсетті. Іс-шараның мақсаты - дарынды жастардың өнерін қолдау, талантты студенттерді ынталандыру және ЖОО-дары арасында қарым-қатынас пен шығармашылықты нығайту. Басқарма төрағасы-ректор Біләлов Дархан іс-шараға қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.


Байқауда жүлделі орын алған студенттер дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.


«Мұқағали поэзиясы» номинациясы бойынша:


I-ші орын Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Уразов Армат 100 000 теңгемен марапатталды. II-ші орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Сисенова Бағдат 70 000 теңгемен марапатталды. III-ші орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Жұмаш Сара 50 00 теңгемен марапатталды.


«Мұқағалидың сөзіне жазылған әндер» номинациясы бойынша:


I-ші орын Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу және техникалық университетінің студенті Рысқұл Іңкәр 100 000 теңгемен марапатталды. II-ші орын Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының студенті Дүйсенұлы Ақжол 70 000 теңгемен марапатталды. III-ші орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Бақытқызы Қарақат 50 000 теңгемен марапатталды.


«Жас ақындардың жеке шығармашылығы» номинациясы бойынша:


I-ші орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Ахан Сабиржан 100 000 теңгемен марапатталды. II-ші орын Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің студенті Түйебаев Жебе 70 000 теңгемен марапатталды. III-ші орын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті Бақберген Нұрай 50 000 теңгемен марапатталды.


Сонымен бірнеше сағатқа созылған қалалық поэзия-ән байқауы өз мәресіне жетіп, байқауға жиналған өнерсүйер қауым керемет кештің куәгерлері болғанына мәз-мейрам болып қайтты.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  


Тәрбие,әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті

 




Кері оралу