қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
10.08.2023

Абай күні


2023 жылдың 10 тамыз күні Абай Құнанбайұлының туғанына 178 жыл толды. Осыған орай Тәрбие, әлеуметтік даму жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен, Ұлы ақынның туған күніне және «Абай күні» мерекесіне орай Абай атындағы ҚазҰПУ басшылығы мен профессор-оқытушылар құрамы Абай ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойып, ақынды ұлықтады. Айтулы мерекеге Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан, әлеуметтік даму жөніндегі проректор Шынғыс Нұрланов, ҚазҰПУ Басқарма Төрағасы-Ректордың кеңесшісі Жанатбек Ішпекбаев, ардагерлер кеңесінің төрағасы Берікжан Әлмұхамбетов, «Хәкім Абай» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, белгілі абайтанушы Жабал Шойынбет және университетіміздің белсенді студенттерінің қатысуымен өтті.


Абай есімін мақтанышпен алып жүрген университетіміздің ұжымы бүгінгі маңызды мерекемен құттықтады. Бүгінде Абайдың теңдессіз шығармашылығы халқымыздың рухани мұрасы, әлемдік деңгейдегі кемеңгер тұлға ретінде насихатталуда. Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздері, философиялық толғамы өзектілігін жоймаған, ұрпақтан ұрпаққа бағдар болып келеді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

Тәрбие, әлеуметтік даму жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменті




Кері оралу