қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
28.09.2023

«Нашақорлық, ойынқұмарлықтың алдын-алу жолдары» семинары

 

2023 жылдың 28 қыркүйек күні Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменттің ұйымдастыруымен университетіміздің бас оқу ғимаратында 1 курс студенттердің қатысуымен «Нашақорлық, ойынқұмарлықтың алдын-алу жолдары» тақырыбында семинар өтті.


«Sober Road» емделу орталығының мамандарымен психолог-нарколог, реабилитолог Игорь Данильченко, нашақорлық, ойынқұмарлық мамандары Батырхан Жалмұрат, Шынғыс Серіков жастарға есірткі заттарын қолданудың зияны және олармен байланысты көптеген аурулардың салдары туралы айтып өтті.

 

Сондай-ақ есірткіге, ойынқұмарлыққа қарсы слайд, бейнероликтер көрсетілді. Семинар соңында студенттер көптеген сұрақтарына жауап алды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент

 

 




Кері оралу