қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
23.10.2023

«Студенттік қатарға қабылдау» салтанатты кеші

 

2023 жылдың 21 қазанында Абай атындағы ҚазҰПУ-да 1 курс студенттеріне арналған «Студенттік қатарға қабылдау» салтанатты рәсімі өтті.

 

Салтанатты іс-шараны университеттің Басқарма төрағасы-ректор Болат Тілеп ашты. «Жаңа білім ордасына аяқ басқан студенттер бұл сіздердің де алғашқы қадамдарыңыз. Салтанатты түрде студенттік билетке ие болғалы тұрсыздар. Алдарыңызда үлкен білім жолы күтіп тұр. Сіздерді осы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, оқуда озат болуларыңызды тілеймін! Қадамдарыңыз нық болсын! Білім мен ғылым жолында алар асуларыңыз биік болсын!», - деп, дәстүрлі түрде табысталатын «Студенттік билетті» республикалық байқаулардың жеңімпазы, Филология институтының 1-ші курс студенті Хайрулмажитов Мадиярға табыстады.

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты - жоғары оқу орнына түскен студенттердің болашақ бастамаларын қолдау, білім алушылардың көкжиегін кеңейту, шығармашылық қабілеттерін дамыту, рухани дамуына үлес қосу.

 

Мерекелік іс-шараға университет ректоры, оқу ордасының Басқарма мүшелері, институт директорлары мен орынбасарлары және студенттер қатысты. Қабылдау кешінде алғашқылардың бірі болып «A-bluse» вокалды инструменталды ансамблі өнер көрсетті.

 

Ал кешке көрік берген қазақ эстрадасының жарқын жұлдыздары Нұрмұхаммед Жақып, AyaFunk, Dosekesh пен Мархаба Сәби ерекше туындыларымен студенттерге қуаныш сыйласа, Bayguys-тың жігіттері креативті шоуымен көптің көңілінен шығып, керемет әсер қалдырды. Бұл алаңға жиналған ҚазҰПУ жастарының жарқыраған үндерінен, күлімдеген күлкілерінен анық байқалды.

 

Сонымен бірге өнер жұлдыздары университетіміздің @kaznpulive инстаграм парақшасына арнайы сұхбат беріп, жас толқынға жылы лебіздерін жеткізді. Шараның соңы би кешіне ұласты.

 

Осы орайда, мерекелік іс-шараға ақпараттық қолдау көрсеткен Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Қоғаммен байланыс департаменті мен «Алматы» телеканалы және өзге де БАҚ өкілдеріне алғыс білдіреміз!

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент




Кері оралу