қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
26.02.2024

«ATAMEKEN CUP XXI» республикалық пікірсайыс турнирінің жеңімпаздары анықталды

 

2024 жылдың 24-25 ақпанында Абай атындағы Қазақ ұлтық педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубының «ATAMEKEN CUP XXI» дәстүрлі республикалық пікірсайыс турнирі өтті.

 

Турнирдің мақсаты - студенттер арасында патриотизм мен азаматтылық идеясын насихаттау, олардың зияткерлік әлеуетін, ораторлық дағдыларын, сыни ойлауын арттыру, таным көкжиегін кеңейтіп, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, республикадағы пікірсайыс қозғалысын дамыту.

 

Турнирге еліміздің 8 аймағынан, жалпы саны 23 университеттен 68 фракция қатысты. Турнир пікірсайыс әлемінің чемпион аға-буын өкілдеріне арналған «Ұстаздар лигасы» және пікірсайыс әлемінің кейінгі буын өкілдеріне арналған «Шәкірттер лигасы» болып екі лигада өтті.

 

Екі күндік пікірсайыстың төрешілері «Атамекен» интеллектуалды пікірсайыс клубының жас және аға буын өкілдері болды. Нәтижесінде «Ұстаздар лигасының» жеңімпаздары:

І орын: Іңкәров Ерғали, Сәрсенбаев Архат, жүлде қоры - 250 000 теңге;

ІІ орын: Жәкен Нұрхан, Бахытжан Тамерлан, жүлде қоры  - 150 000 теңге;

ІІІ орын: Сеитов Олжас, Оразғали Әсет, жүлде қоры - 70 000 теңге;

«Үздік талпыныс» номинациясы:  Каримов Дамир, Жолшыбек Жансерік, жүлде қоры - 50 000 теңге;«Ең үздік спикер» номинациясы: Жәкен Нұрхан, жүлде қоры - 70 000 теңге;«Үздік спикер» номинациясы: Нұрсұлтан Нұрсипат, жүлде қоры - 50 000 теңге.

 

«Шәкірттер лигасының» жеңімпаздары:

І орын: Қанадиллаев Азамат, Адбурашидова Мейренису, жүлде қоры - 100 000 теңге;

ІІ орын: Берікбай Алмұрат, Жолдасбай Жансен, жүлде қоры - 80 000 теңге;

«Ең үздік спикер» номинациясы: Жолшыбек Жансерік, жүлде қоры - 50 000 теңге;«Үздік спикер» номинациясы: Бахытжан Тамерлан, жүлде қоры  - 30 000 теңге;«Ең үздік төреші» номинациясы: Ғаниқызы Айғаным, жүлде қоры  - 70 000 теңге;«Үздік гид» номинациясы: Айсағали Нұрсұлтан, жүлде қоры - 30 000 теңге иеленді.

 

Сондай-ақ, турнир қатысушылары арнайы алғыс хаттармен марапатталып, жүлделі орын иегерлеріне дипломдар және кубок табысталды.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  

 

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты департаменті

 




Кері оралу