«Өмір - ең жақсы құндылық» жобасы аясында психологиялық семинар өтті
2025 жылдың 11 қараша күні META university-де да колледждер мен жоғары оқу орындарының психологтарына арналған оқыту семинары өтті. Семинардың мақсаты - жастар арасында суицидтің алдын алу, белсенді ортаны қалыптастыру және зиянды әрекеттердің алдын алу.
Семинар барысында спикер - тәжірибелі психолог мамандары Нурпеисова Салтанат Юсуфовна және Асимова Тамара Абубакировна жастар арасындағы суицидтік мінез-құлықтың алдын алу тақырыбында маңызды ақпараттармен бөлісті.Семинарда суицидтің белгілері мен себептері және ерте кезеңде анықтау әдістері талқыланды.
Семинарға Психологиялық қолдау қызметінен Саида Қосбай және Алия Мусанова қатысты. Сондай-ақ, семинар соңында қатысушыларға нақты тәжірибелік тәсілдер мен әдістемелік ұсыныстар берілді.
Іс-шара Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Сана» зияткер жастар мектебі қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өтті.


Психологиялық қолдау қызметі