
Студенттік өмір | Өткізілген іс-шаралар
08.12.2025
ALT университетінде «Psycho Express» шарасы өтті 2025 жылдың 5 желтоқсанында ҚР «Қауіпсіз орта» үйлестіру кеңесі жобасы аясында М. Тынышпаев атындағы ALT Университетінде «Psycho Express» психологиялық экспресс-консультациялық іс-шарасы өтті. Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Психологиялық қолдау қызметінің психологтары - Алия Мусанова мен Әсел Жусупекова қатысты. Іс-шара барысында психологтар ALT Университетінің студенттері мен қызметкерлеріне экспресс-консультация жүргізді. Іс-шара барысында студенттер өздерін толғандырған мәселелер мен сауалдарын мамандармен талқылауға, практикалық ұсыныстар алуға және психологиялық денсаулықты нығайтуға, тұлғалық өсуге бағытталған әдістемелерді меңгеруге мүмкіндік алды.
«Psycho Express ALT» жобасы қатысушылардың психоэмоционалдық жағдайын жақсартуға, өзін-өзі реттеу дағдыларын дамытуға, ішкі ресурстарды күшейтуге және әлеуметтік-эмоционалдық қиындықтарды еңсеруге бағытталды. Іс-шараға 80-нен астам студент пен қызметкер қатысты.
Психологиялық қолдау қызметі
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|