қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
08.04.2024

Белгілі ақынмен кездесу кеші 

 

2024 жылдың 5 сәуірінде Ұлттық тәрбие орталығы мен Филология институтының ұйымдастыруымен университетіміздің түлегі, белгілі ақын, драматург Бақыт Беделханмен кездесу кеші өтті. 

 

Аталған шарада ақынның өлеңі оқылып, әндері орындалды. Сонымен қатар студенттер ақынға көкейдегі сұрақтарын қойып тұщымды жауаптар алды. 

 

Тағылымға толы шараға Әлеуметтік даму жөніндегі проректор Мақсат Дөңесұлы, Филология институтының директоры Алуа Василиқызы қатысты. Университет басшылығының атынан Ректордың аппарат жетекшісі Жанатбек Ешенқожаұлы ақынға алғысын айтып «Абай» төсбелгісін тақты.

 

 

  alt=  

 

  alt=  

 




Кері оралу