қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
15.04.2024

Қалалық «Абай» кубогы үшін жайдарман ойыны өтті

 

2024 жылдың 11 cәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ «Абай Әлемі» атты көктемгі мерекелік кезеңдері аясында Жастар ісі жөніндегі комитеттің ұйымдастыруымен қалалық «Абай» кубогы үшін жайдарман ойыны өтті. Аталған сайысқа 11 команда қатысты.

 

Жайдарман ойынының басты ерекшелігі - қатысушылардың әлеуметтік, саяси және тұрмыстық жағдайларды әзіл форматында көрсетуінде болды. Түрлі өзекті тақырыптар қозғалып, студенттік өмір мен әлеуметтік желідегі қызықты сәттер ортаға салынды. Қалалық «Абай» кубогы үшін өткен жайдарман ойынының қорытындысы бойынша: I орын- Математика, физика және информатика институтының студенттерінен құралған «50/50» командасы; II орын- ҚызПУ-нің студенттерінен құралған «Көршінің қызы» командасы; III орын- АТУ-нің студенттерінен құралған «АТУ мини» командасы жеңіп алды. Ал, «Үздік әзіл» номинациясын еркін құрама «АҚШИ» командасы алса, «Көрермен көзайымы» номинациясын «Көшедегілер» командасы иеленді. «Үздік ойыншы» номинациясымен АУЭС университетінің студенттерінен құралған «Дилигент» командасының ойыншысы Бақытжан Нұржанұлы марапатталды.

 

Барша жеңіске жеткен командаларды шын жүректен құттықтаймыз!

 

Ұйымдастырушылар: Жастар ісі жөніндегі комитет

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу