қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
19.05.2021

«Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» халықаралық фотокөрме


2021 жылғы 17 мамырда Халықаралық музейлер күніне орай Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы және ҚР Орталық мемлекеттік музейінің бірлесе ұйымдастыруымен  «Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» халықаралық фотокөрменің ашылу салтанаты өтті.


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған фотокөрмеге ислам өркениетінен тарих шертетін көне экспозициялар мен  бейбітшілік  пен келісімді бейнелейтін исламның рухани құндылықтары қойылды.


Шараны Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының төрағасы  Болат Сәрсенбаев ашып, Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Қазақстан барлық ұлт өкілдері мен діндердің бірлігі мәселесі бойынша сындарлы диалогқа ұмтылғанын және әлемде толеранттылық идеяларын ілгерілетуге барлық жағынан ықпал ететінін атап өтті.


Іс-шараның ашылу салтанатына Қазақстанның діни бірлестіктері, ғылыми-сарапшылық қоғамдастық, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері, сондай-ақ Алматыдағы Әзірбайжан, Венгрия, Иран, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Түркия елдерінің Бас консулдықтар мен қатар Абай атындағы ҚазҰПУ профессор-оқытушылар құрамы қатысты.


Шара барысында  Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығы және ҚР Орталық мемлекеттік музейі арасында ынтымақтастық орнату туралы Меморандумға қол қойылды.


«Ислам және адамзат: кеше, бүгін, ертең» тақырыбындағы фотокөрме барлық карантин ережелерін сақтай отырып, Қазақстанның Орталық мемлекеттік музейінде 2021 жылдың 1 маусымына дейін жалғасатынын еске саламыз.


Айта кететін жайт, «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» Басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев ағымдағы жылдың 13 мамыры күні Университетімізге бейресми іс-сапармен келіп, тараптар арасында іс-шаралар, діндер, мәдениеттер мен өркениеттердің рухани татулығын дамыту бойынша пікірталас алаңдарын ашу саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты әріптестік Меморандумына қол қоюға келісті. http://religions-congress.org/ru/news/novosti/1001

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және

жастар саясаты жөніндегі департамент

 




Кері оралу