қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
28.03.2022

Тараз қаласының оқушылары Абай атындағы ҚазҰПУ-да болды

 

2022 жылдың 28 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ-ға «Өркениет» қорының өкілдері және Тараз қаласынан 50 дарынды мектеп оқушылары келді. Олар үшін Ашық есік күні өткізілді. Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар, университетіміздің қызметкерлері қатысты.

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты департаменті директорының м.а. Дидарбек Ділдәбек кіріспе сөз сөйлеп, университеттің тарихы мен жетістіктері туралы айтып, еліміздің жетекші жоғары оқу орны білім және ғылым саласындағы көшбасшы екенін атап өтті.

 

Қабылдау және рекрутинг кеңсесінің маманы Лашын Уразгалиева университетке қабылдау ережелері, білім алу ерекшеліктері туралы толық ақпарат берді. Мектеп түлектері оқу орнының мамандықтарымен, оқуға түсу және оқуға қойылатын талаптармен танысты, мұражайды, оқу залын, аудиторияларды аралады. Әр оқушы өз сұрағына жауап ала алды.

 

   

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент




Кері оралу