қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
21.04.2022

«Екі жұлдыз» ән конкурсы

 

2022 жылдың 9 сәуірінде университеттің акт залында «Екі жұлдыз» ән конкурсы өтті, оған талантты оқытушылар мен студенттер жұптасып қатысты. Конкурс «STUDENTS SPRING» студенттік көктем фестивалінің жоспарына сәйкес өткізіліп, оған оқу орнымыздың 7 институты қатысты.

 

Басқарма төрағасы-ректор Дархан Біләлов Абай университетінде креативті жастардың көп екенін атап өтіп, ашылу рәсімін өткізіп, конкурсқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Әділ-қазылар құрамында «Қоңыр» тобы мүшесі Мархабат Мықтыбеков, Медеу ауданы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Жәния Садвакасова, «Amanat» партиясы Медеу аудандық филиалының атқарушы хатшысы Азат Ажиманов, Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаменттің жетекші маманы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ержан Қосбармақ мүшелік етті.

 

Конкурс үш кезеңнен тұрды: эстрадалық ән орындау; кинофильм саундтректерін орындау; А. Құнанбаев және халық әндерін орындау.

 

Жарқын іс-шара қатысушылардың - студенттер мен оқытушылардың жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Қазылар алқасының шешімі бойынша 1-ші орын - 150 000 теңге информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасы оқытушысы Айбек Амангелдин және «Математика-физика мұғалімдерін даярлау» мамандығының 1 курс студенті Бақытқызы Қарақат, 2-ші орын - 100 000 теңге Өнер, мәдениет және спорт институтының оқытушысы Болатхан Назымгүл және 2 курс студенті Ескермес Бексұлтан, 3-ші орын - 70 000 теңге Жастар ісі жөніндегі басқарма төрағасы Пірәлі Райымбек және Педагогика және психология институтының 1 курс студенті Кеулімжаева Ұлжан иеленді. Көрермендер көзайымы жүлдесі мен 50 000 теңгені Жаратылыстану және география институтының Phd докторанты Әбдікәрім Әйгерім және 1 курс студенті Бисенова Жания иеленді.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   




Кері оралу