қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
04.05.2017

МИНИФУТБОЛДАН БІРІНШІЛІК

          2017 жылдың 21 сәуір күні «Жастар. Шығармашылық. Инновация» Студенттік көктем фестивалі аясында жастарды жаппай спортқа баулу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Ұлы дала ойындары» атты университетішілік минифутболдан біріншілік өтті.
           Сайысқа барлығы 5 құрама команда қатысты. Спорттық дода үш айналымда ойнатылып, нәтижесінде жоғары ұпай жинаған Физика, математика және информатика институтының құрама командасы I орынды жеңіп алды. ІІ орынды Жаратылыстану және география институтының футбол командасы иеленсе, Тарих және құқық институтының құрама командасы ІІІ орынға табан тіреді.

 

   

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және
мемлекеттік тілді дамыту басқармасы

 




Кері оралу