қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
11.11.2017

 

 «ЖҮРЕКТЕР ЖЫРЛАСЫН» АТТЫ ПОЭТИКАЛЫҚ ДУЭЛЬ


Жастар арасында ақындық өнерді дәріптеу, жас өрен ақындарға қолдау көрсету мақсатында  Жастар ісі жөніндегі комитет пен «Жас қалам» әдеби-мәдени клубының бірлесе ұйымдастыруымен 2017  жылдың 8 қарашасы күні «Жүректер жырласын» атты қалалық поэтикалық дуэлі өтті. Ақындар додасына Алматы қаласының жетекші 5 жоғары оқу орынынан 26 жас ақын  қатысып, бақ сынасты.

 

Үш кезеңнен тұрған поэтикалық дуэльде ақындар ел тәуелсіздігіне арнап жазған өлеңдері мен еркін тақырыптағы жырларын паш етті.

 

«Жезбұйда» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ақын Талапбек Тынысбекұлы  төрағалық еткен  қазылар алқасы жас ақындардың өнеріне әділ бағаларын беріп, нәтижесінде университетіміздің жас ақындары Қайсарбек Айдана және Тәжібаева Роза I, III жүлделі орындарды иеленcе, ІІ орынды Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің  студенті Айдарбек Акгүл жеңіп алды. Бас жүлде Қазақ ұлттық университетінің студенті Марлен Ғилымханның еншісіне бұйырды.

 

«Students week - 2017» атты студенттік апталықтың ашылу салтанатына орайластырылған бұл ақындар сайысы жас ақындарымызды шабыттандырып, әдеби ортада танылуына үлкен мүмкіндік берді.

 

  

 

  

 

 

Жастар ісі жөніндегі комитет 

 




Кері оралу