қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
13.11.2017

 

KAZNPU - TEAM BUILDING

 

2017 жылдың 9 қарашасы күні  Жастар ісі жөніндегі комитет және Студенттік кәсіподақ ұйымының бірлесе ұйымдастыруымен «Медеу» мұз айдыны аумағында  «KazNPU-team building» атты университет жастарының табиғат аясында еркін демалысы ұйымдастырылды.

 

Еркін демалыс университетіміздің түрлі мамандық иелері болып табылатын 80-ге жуық белсенді студенттерінің басын қосты. Жастарды топтық бірлікте жұмыс жасауға үйрету, ұжымдық  рухты көтеру  мақсатында ұйымдастырылған шара барысында  арнайы тренинг пен  интеллектуалдық ойындар өткізілді.

 

Еркін демалыс студенттерді жаңа бастамаларға ынталандырып, жігерлерін арттырды.

 

  

 

  

 

Жастар ісі жөніндегі комитет

 




Кері оралу