қазақша · русский · english
 
 
 
Өткізілген іс-шаралар
22.10.2025

 

«Достық көпірі: мәдениеттер тоғысында» атты психологиялық тренинг өтті


2025 жылдың 22 қазанында Психологиялық қолдау қызметінің ұйымдастыруымен Foundation факультетінің 1 курс студенттерімен «Достық көпірі: мәдениеттер тоғысында» атты психологиялық тренинг өтті.

 

Психологиялық тренингтің мақсаты - шетелдік студенттерге жаңа өмір жағдайларына тиімді бейімделу дағдылары мен стратегиясын қалыптастыруға, қарым-қатынас пен байланыс орнату дағдыларын жақсартуға, психологиялық икемділік пен өзгерістерге дайындықты және жаңа жағдайларға тиімді жауап беру қабілетін дамытуға көмектесу. Студенттерді бір-бірімен таныстыру және топта тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында тренинг «Танысу шары» жаттығуымен басталды. Негізгі бөлімде студенттердің ішкі қысымдарынан арылуға және өз ресурстары мен жетістіктерін бақылауға бағытталған «Мінсіз шаршы» және «Тізбек» ойындары өткізілді. Қарым-қатынас дағдыларын жетілдіру мен бейімдеу және белсенді тыңдау дағдыларын дамыту мақсатында «Естеліктер қабырғасы» және «Салют»  жаттығулары өткізілді.

 

Рефлексия барысында арт-терапия форматында студенттер мәдениетаралық қарым-қатынастар туралы түсініктерін бейнелеп, бір-бірімен жеке тәжірибелерімен және тренингтен алған әсерлерімен бөлісті.

 

Тренингке университетіміздің Foundation факультетінің 30-қа жуық студенттер қатысты.

 

  




Кері оралу